Зеленский Ақ үйден қуылды; Иран ПКК-ның қаруды тастауға шақыруын қолдады
(last modified Sat, 01 Mar 2025 13:57:12 GMT )
Нау 01, 2025 19:57 Asia/Almaty
  • Зеленский Ақ үйден қуылды; Иран ПКК-ның қаруды тастауға шақыруын қолдады

ParsToday - Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы ПКК тобы басшысының қаруды тастауға шақыруын құптап, бұл шешімді зорлық-зомбылықтан бас тарту жолындағы маңызды қадам деп атады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақаи жұма күні ПКК тобы басшысының қаруды тастауға шақыруына реакция білдіріп: «Иран Ислам Республикасы көршілес Түркия елінде лаңкестіктің тоқтатылуы мен қауіпсіздікті нығайтуға әкелетін кез келген процесті құптайды»,- деді. ParsToday агенттігінің хабарлауынша, Бақаи бұл өзгерістің аймақтық деңгейде де оң нәтиже беретініне үміт білдірді.

 

Зеленский Ақ үйден қуылды

Америкалық БАҚ АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің жұма күні Ақ үйдегі шиеленісті пікір алмасуынан кейін бөлек бөлмелерге кеткенін, украиналықтардың келіссөздердің жалғасуын талап еткенін хабарлады. Американдық CNN ақпараттық желісі былай деп хабарлады: «Алайда Ақ үй украин делегациясына Ақ үйден кетуі керек деп мәлімдеді».

 

ҚХР төрағасы: Ресей мен Қытай стратегиялық ынтымақтастықты үздіксіз дамытып отыруы керек

Қытай төрағасы Си Цзиньпин жұма күні Бейжіңде Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгумен кездесуінде: «Мәскеу мен Бейжің стратегиялық және практикалық ынтымақтастықты үздіксіз жақсартуы керек деді», деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. Сондай-ақ, ол екі ел басшылары арасындағы келісімдерді толығымен жүзеге асырып, тату көршілік, жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық, өзара тиімділік қағидаттарын қолдау қажеттігін баса айтты.

 

Оңтүстік Корея мен АҚШ Солтүстік Кореямен шекараға жақын жерде әскери жаттығулар өткізуде

Йонхап ақпарат агенттігі: «Оңтүстік Корея мен АҚШ теңіз жаяу әскерлері жұма күні екі жақтың операциялық мүмкіндіктерін күшейту мақсатында Оңтүстік Кореяның солтүстік бөліктерінде бірлескен жаттығуларын бастады»,- деп хабарлады. Оңтүстік Корея теңіз жаяу әскерлерінің хабарлауынша, 10 күндік оқу-жаттығу Солтүстік Кореямен шекараға жақын орналасқан Паджу және Донгдучон қалаларындағы полигондарда өтті және теңіздегі оқу бағдарламасы аясында екі елдің арнайы барлау бөлімшелерінен 70-ке жуық теңіз жаяу әскері тартылды.

 

Швейцарияда Палестина азаматтық конференциясы өтіп жатыр

Швейцария Женева конвенциясына қатысушы 196 мемлекетті келесі аптада басып алынған Палестина аумақтарындағы бейбіт тұрғындардың жағдайы туралы конференцияға қатысуға шақырды. 1949 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қабылданған Төртінші Женева конвенциясы қарулы қақтығыстар мен оккупация аймақтарындағы бейбіт тұрғындарды қорғаудың халықаралық ережелерін қамтиды.