Мальдив аралдары израильдіктердің кіруіне тыйым салды
Сәу 17, 2025 08:39 Asia/Almaty
ParsToday - Мальдив аралдары Палестина халқымен ынтымақтаса отырып, басып алынған аумақтар тұрғындарына туристік архипелагқа кіруге тыйым салғанын хабарлады.
Мальдив аралдарының президенті Моиз Кин сейсенбі күні бұл заңды ел парламенті қабылдағаннан кейін мақұлдады. Моиздің кеңсесі: «Бұл заң Израильдің Палестина халқына қарсы жалғасқан қылмыстары мен геноцидіне жауап ретінде үкіметтің қатаң ұстанымын көрсетеді» деп хабарлады. Мәлімдемеде мальдивтердің Палестина мәселесімен толық ынтымақтастығын қайталағаны атап көрсетілді.
Тегтер