Еуропа елдерінің күнделікті қызметі электр қуатының үзілуінен кейін тоқтады
ParsToday - Испанияда, Португалияда және Францияның кейбір жерлерінде электр қуатының үзілуі пойыз қозғалысы мен күнделікті жұмыстарды тоқтатты.
ParsToday IRNA агенттігіне сілтеме жасап; «Испания мен Португалия дүйсенбі күні электр қуатының жаппай үзілуіне ұшырады, соның салдарынан қоғамдық көліктер тоқтап, кептеліс тудырды және әуе рейстері кейінге қалдырылды»,- деп хабарлады. Бұл елдердің шенеуніктері үзіліс болғаннан кейін кем дегенде бір сағат бойы оның себебін түсіндіре алмады. Кибершабуыл жасау мүмкіндігі жоққа шығарылмаған және жағдайды басқару үшін Испанияда дағдарыс комитеті құрылып, тергеу жүріп жатыр.
Испания мен Португалия үкіметтері электр қуатының үзілуінен кейін министрлер кабинетінің шұғыл отырыстарын өткізді. Францияның Испаниямен шекаралас бөліктері де жарықтың сөнуінен зардап шекті.
Электр қуатының үзілуі Мадрид ашық теннис турниріндегі ойынды тоқтатты, Григор Димитров пен оның британдық қарсыласы Джейкоб Фернли таблолар түсіп, камералар сөнгеннен кейін корттан кетуге мәжбүр болды.
Испандық радиостанциялар Мадрид метросының бір бөлігі эвакуацияланғанын, бағдаршамдар істен шыққандықтан қала орталығында көлік қозғалысының кептеліске тірелгенін хабарлады.
Португалияда да осындай жағдай болда, Лиссабон мен Портодағы метро желілері жабылып, пойыздар қозғалысы тоқтатылды.