Нидерландыдағы Палестинаны жақтаушылар: Газа үшін қызыл сызық анықтаңдар
(last modified Mon, 19 May 2025 13:27:45 GMT )
Maм 19, 2025 19:27 Asia/Almaty

ParsToday - Палестина жақтастары Нидерландыда сионистік режимнің Газадағы қылмыстарын айыптау үшін шеру өткізді.

Жексенбі күні Гаагада Палестина халқын қолдаған он мыңдаған адам жиналды. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, шеруге қатысушылар Нидерланды үкіметінің сионистік режим мен Газадағы соғысқа қатысты ұстанымын айыптап: «Наурыз айынан бері Газада жүздеген адам аштықтан өлді»,-деп жариялады.

Шерушілер «Газаға қызыл сызық анықтыңдар» деген жазуы бар баннер ұстады. Сондай-ақ олар «Голландия үкіметі саңырау», «Үкіметке ұят, қолдарың қанға боялды», «Нидерланды қаржысың төлейді, Израиль бомбалайды», «Палестинаны азат ет», «Басқыншылықта бейбітшілік жоқ», «Геноцидті тоқтат», «Балаларды өлтіруді тоқтат» деген ұрандар да айтылды. 

Айта кетейік, сионистік режим 2023 жылдың 7 қазанында Газа секторына қарсы соғысты бастап, осы уақытқа дейін 52 мыңнан астам палестиналықты өлтіріп, 1 199 998 адамды жаралаған.