Associated Press: Ислам революциясының жетекшісі Американың мәлімдемелерін өте қате деп санайды
(last modified Wed, 21 May 2025 12:03:31 GMT )
Maм 21, 2025 18:03 Asia/Almaty
  • Associated Press: Ислам революциясының жетекшісі Американың мәлімдемелерін өте қате деп санайды

ParsToday - Ислам революциясы жетекшісінің Америка қайраткерлерінің Иранға қарсы дұшпандық мәлімдемелеріне реакциясы халықаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрініс тапты.

Имам Хаменеидің мәлімдемелерін жариялаған Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясының жетекшісі өткен аптада Оман астанасында төртінші кезеңі өткен Теһран мен Вашингтон арасындағы жанама келіссөздердің тағдырына күмән келтірген. Осы хабарға сәйкес, Ислам революциясының жетекшісі Вашингтонның бос сөз айтудан бас тартуы керектігін баса айтты.

РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясы жетекшісінің мәлімдемелері Вашингтон Иранды уран байыту жұмыстарын тоқтатуға шақырғаннан кейін жасалған. Иран шенеуніктері мұндай өтініштерді қабылдамады және келісімнің бар-жоғына қарамастан уранды байытатындарын баса айтты.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша: Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың Иранның ядролық бағдарламасын сынауына жауап ретінде Теһран уранды байыту үшін ешкімнен рұқсат сұрамайтынын айтып, Американың мәлімдемелерін өте қате деп атады.

Франс Пресс агенттігі де өз хабарында былай деп жазды: «Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Америка Құрама Штаттарымен ядролық келіссөздердің қорытындыға жетуі екіталай деді».

Bloomberg News Network Ислам революциясы жетекшісінің бүгінгі мәлімдемелерінің бір бөлігін жариялап, АҚШ қайраткерлерінің Ирандағы уран байытуды тоқтату туралы мәлімдемелерінің өте қате екенін және Ислам республикасының осы құқығын пайдалану үшін олардан рұқсат сұрамайтынын баса айтты.

Әзірбайжандағы APA ақпарат агенттігі де имам Хаменеидің мәлімдемелерін жариялап, сейсенбі күні Иран басшылығының Иранның бұрынғы үкіметі кезіндегі Теһран мен Вашингтон арасындағы жанама келіссөздерге сілтеме жасап, америкалықтардың тәжірибесін ескере отырып, келіссөздердің бұл раундының қорытындыға жетуі екіталай екенін баса айтұанына назар аудартты.

Newsweek журналы былай деп жазды: «Теһран мен Вашингтон арасындағы ядролық келіссөздердің төрт кезеңі осы уақытқа дейін нақты нәтиже бермегендіктен, Ислам революциясының жетекшісі бұл келіссөздердің нәтижесіне күмән келтіріп, АҚШ-тың Иранның уран байыту бағдарламасын тоқтату талаптарын қатаң сынға алды».

Сионистік ақпарат құралдары, соның ішінде The Times of Israel және The Jerusalem Post, Hindustan Times, Times of India, Washington Post және Anadolu агенттігі Ислам революциясы жетекшісінің бүгінгі мәлімдемелерін жариялаған басқа ақпарат құралдарының қатарында.