Amnesty International сионистік режимге толық бойкот жариялауға шақырды; Еуропалық шешімді қолдау
(last modified Fri, 23 May 2025 12:23:09 GMT )
Maм 23, 2025 18:23 Asia/Almaty
  • Amnesty International сионистік режимге толық бойкот жариялауға шақырды; Еуропалық шешімді қолдау

ParsToday - Amnesty International Еуропалық Одақтың сионистік режиммен қарым-қатынастарды қайта қарау шешімін құптап, бұл әрекетті "кешіккен, бірақ қажет" деп атап, басқыншы режиммен барлық экономикалық және әскери ынтымақтастықтарды дереу тоқтатуға шақырды.

ParsToday ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Халықаралық амнистия ұйымының Еуропалық институттар кеңсесінің директоры Ив Гади Еуропалық Одақтың сионистік режиммен қарым-қатынастарын қайта қарау шешімін құптап: «Палестина халқының соңғы 19 айдағы адами азаптарын айтып жеткізу мүмкін емес және Израиль режимі Газа секторында толық жазасыз геноцид жасауды жалғастыруда»,- деді.

Гадди былай деп қосты: «Еуропалық Одақтың кейінге қалдыруы, тіпті кейбір мүше елдердің басқыншы режимді қолдауы Израиль қайраткерлерінің геноцидтік мақсаттарын ашық айтуына себеп болды». 

Amnesty International Еуропалық институттар кеңсесінің директоры адам өмірі құнына уақытты ысырап етуден сақтандырып: «Еуропалық Одақ пен оған мүше елдер геноцид пен басқа да халықаралық құқықты өрескел бұзуға ықпал ететін сауда мен инвестицияларды дереу тоқтатуы керек»,-деді.

Соңғы күндері халықаралық сын толқыны, әсіресе Еуропа елдері сионистік режимді оқшаулануын күшейтті.

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Израиль режимінің Газаға жасаған шабуылдарын «халықаралық құқықты өрескел бұзу» және «адамдық ар-намысты қорлау» деп атап, Еуроодақтың сионистік режиммен серіктестік келісімін қайта қарауды талап етті.

Франция Сыртқы істер министрі Нидерланды мен Испания сияқты елдердің осы келісімнің адам құқықтары аспектілерін қайта қарауға деген көзқарасын да қолдады.

Испания парламенті бұған дейін ел үкіметін Израиль режиміне кез келген әскери құрал-жабдықтарды экспорттауды тоқтатуға шақыратын міндетті емес ұсынысты мақұлдаған болатын.

Ұлыбритания да басқыншы режиммен еркін сауда келісімі бойынша келіссөздерді тоқтатты және тіпті режимнің Лондондағы елшісін шақыртты.

Израильдік «Yedioth Ahronoth» газетінің хабарлауынша, Израиль Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілдері «жаһандық оқшаулану цунамиі» туралы айтып, режимнің өз тарихындағы ең нашар халықаралық жағдайда екенін баса айтады.