Солтүстік Корея АҚШ-қа ескертеді: Қауіпсіздікті қаласаңыз, елдерді әскери жолмен қорқытуды тоқтатыңыз
ParsToday - Солтүстік Корея Америка Құрама Штаттарына ескерту мәлімдеме жасап, егер ол өз территориясының қауіпсіздігіне кепілдік бергісі келсе, басқа елдерге әскери қоқан-лоққы жасауды тоқтатуы керектігін баса айтты.
ParsToday ақпарат агенттігінің ИРНА-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Солтүстік Корея Қорғаныс министрлігі саяси бюросының басшысы осы елдің орталық ақпарат агенттігі (KCNA) жариялаған мәлімдемеде: «АҚШ материгінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Америка Құрама Штаттарының басқа елдерге қарсы «әскери қоқан-лоққылар мен агрессивті талпыныстардан» бас тартуына байланысты»,- деді.
Мәлімдемеде: «Америка Құрама Штаттары Солтүстік Кореяның (қару және әскери) өз аумағына қауіп төндіру мәселесін өршітіп жатқанымен, оның өзі мұндай қару-жарақтарды ауқымды түрде көбейтуде», - делінген.
Вашингтонның әскери қаруларға қатысты екі жақты саясатына тоқталған мәлімдемеде: «АҚШ жақында құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізіп, оны қорғаныс мақсатындағы әрекет ретінде ақтады, ал Солтүстік Корея бұл бағыттағы әрекеттерін өзіне қауіп төндіреді деп санайды»,- деп айтылды.
Бұл мәлімдемеде: «Бұл қисынсыз әскери қоқан-лоққылар, бопсалау және Америка Құрама Штаттарының (әлемдегі) әскери ықпалының кеңеюінен басқа ештеңе емес, оның өзі Американың өз территориясына тұрақты сыртқы қауіп болып саналады»,- деп көрсетілді.
Мәлімдемеде Солтүстік Корея соғысты болдыртпау және АҚШ-тың ядролық қаруын жинақтауынан туындаған қауіпсіздік тұрақсыздығына қарсы тұру үшін «практикалық және тұрақты күш-жігерді» жасап жатқаны айтылған.