Батыс ақпарат құралдары: Иран өзінің ядролық ұстанымында берік
(last modified Fri, 06 Jun 2025 11:11:11 GMT )
Маусым 06, 2025 17:11 Asia/Almaty
  • Батыс ақпарат құралдары: Иран өзінің ядролық ұстанымында берік

ParsToday - Шетелдік ақпарат құралдары сәрсенбі күні Революция жетекшісінің Теһран мен Вашингтон арасында жалғасып жатқан жанама ядролық келіссөздерге қатысты ұстанымдарына кеңінен тоқталды.

ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Reuters ақпарат агенттігі Ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.а.) дүниеден өткен күнінің жылдығында Теһран мен Вашингтон арасында жалғасып жатқан жанама ядролық келіссөздерге қатысты Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісінің ұстанымдарына ерекше  тоқталды.

Reuters агенттігі «Ислам революциясы жееткшісі АҚШ-тың ядролық талабын қабылдамай, уранды байытуды жалғастыруға міндеттеме алды» деген тақырыппен жазды: «Революция жетекшісі аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Теһранның уран байытудан бас тартпайтынын баса айтты».  

Бұл ақпарат агенттігі Ислам революциясы жетекшісінің: «Уран байыту – біздің ядролық бағдарламамыздың кілті, ал дұшпандарымыз уран байытуға шоғырланып отыр. Американың ұсынысы біздің өзін-өзі қамтамасыз ету туралы ұлттық сенімімізге және «біз мұны істей аламыз» қағидасына қайшы келеді. Американың үстемшіл және жаугер басшылары бізден ядролық бағдарламаның болмауын бірнеше рет талап етті. Иранның уранды байыта ма, байытпайды ма, сіздерге қандай қатысы бар?» деген сөзіне тоқталды.

Ассошиэйтед Пресс агенттігі де аятолла Хаменеидің сөздерін қуаттап, Революция жетекшісінің Американың ұсынысын «Біз мұны істей аламыз» деген ұранға 100 пайыз қайшы деп сипаттағанын жазды.

Вашингтон пост газеті көшбасшының мәлімдемелерін қайталап, «революция көшбасшы АҚШ-тың ядролық келіссөздердегі ұсынысын сынады» деп жазды.

Батыс ақпарат құралдарының пікірі Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи сәрсенбі күні X әлеуметтік желісінде Иранның ядролық және байырғы мүмкіндіктерін қорғап: «Санаулы елдің ғана ядролық реактор отынын өндіру мүмкіндігіне ие болуының айқын дәлел бар»,-деп жазуымен тұспа-тұс айтылды.

Арақчи Иранның ядролық мүмкіндіктеріне жету үшін үлкен шығын көргеніне назар аударды. Ол: «Бұл арманды жүзеге асырған патриоттардың көңілін ешбір жағдайда қалдырмаймыз», - деп баса айтты.

Арақчи: «Уран байытудан бас тарту туралы  келісім болмайды, бірақ ядролық қарудан бас тарту мақсатында келісімге қол жеткізуге болады», - деп сөзін жалғады.

ИИР Атом Қуаты Ұйымының басшысы Мұхаммад Ислами әрбір ұлттың заңды құқықтарына сәйкес, Иран ұлтының да ядролық технологияны пайдалануға құқығы бар екенін айтып: «Халықаралық келісімдер мен ережелердің ешқайсысы Иранның бұл құқығын елемеуге немесе жоққа шығаруға немесе еліміздің осы бағытта ілгерілеуіне тосқауыл бола алмайды» деді.

Имам Хаменеидің Иранның ядролық өнеркәсібі туралы мәлімдемелеріне сілтеме жасаған Ислами: «Атом өнеркәсібі – негізгі индустрия, білім көзі және дамудың қозғаушы күші. Бұл саланың барлық салаларда және барлық ғылыми және технологиялық тақырыптарда қатысуы мен рөлі бар және негізгі қозғалтқыш ретінде тұрақты әсер етуі мүмкін. Бұл саланың жоқтығы кез келген елдің ғылыми-техникалық дамуына қозғаушы қозғалтқыштың жоқтығын білдіреді», - деп айтты.

Иран Атом Қуаты Ұйымының басшысы Иран Ислам Республикасының сионистердің қолынан қаза тапқан жастардың қан қан құнымен және өз табандылығымен осы технологияға қол жеткізгеніне тоқталып: «Иран бұл технологияны еш жерден сатып алған немесе импорттаған жоқ. Әрбір ұлттың заңды құқықтарына сәйкес, Иран ұлты бұл технологияны пайдалануға құқылы», -деді.