БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің  Иранға қарсы америкалық-сионистік  агрессиясына қатысты отырысы қалай өтті?
https://itolqyn.com/news/world-i80876
ParsToday - Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің  Иранға қарсы америкалық-сионистік  басқыншылыққа қатысты отырысы өтті.
(last modified 2025-07-30T00:19:04+00:00 )
Маусым 23, 2025 14:51 Asia/Almaty
  • БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің  Иранға қарсы америкалық-сионистік  агрессиясына қатысты отырысы қалай өтті?

ParsToday - Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің  Иранға қарсы америкалық-сионистік  басқыншылыққа қатысты отырысы өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі жексенбі күні кешке сионистік режим мен АҚШ-тың Иранға қарсы шиеленістерді күшейтуіне қатысты үшінші шұғыл отырысын Антониу Гутерриштің сөзімен бастады. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш осы отырыста: «АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарын бомбалауы  оған дейін де дағдарысты аймақтағы қауіпті өзгерісті білдіреді»,-деді.
 
Гросси
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Рафаэль Гросси осы отырыста АҚШ пен сионистердің Иранға қарсы агрессиясын айыптамастан: «Мен тағы да барынша ұстамдылыққа шақырамын, өйткені біздің инспекторлар Иранда және олардың жұмысы қақтығысты тоқтатуды көздейді»,-деді.
 
Иран
Иранның елшісі әрі тұрақты өкілі Амир Саид Иравани БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің  АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына шабуылына байланысты үшінші шұғыл отырысында былай деді: «Израильдің заңсыз режимі Батыстың лас жұмысын орындай алмаған соң, АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылдың 22 маусымы, жексенбі күні таңертең осы арамдық сценарийдің ең ұятты бөлігін жеке және тікелей жүзеге асырды. АҚШ пен Израиль режимінің басқыншылығы халықаралық құқықты ашық және өрескел бұзу болып табылады. Иран Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 51-бабына сәйкес заңды құқығы аясында өзін-өзі қорғауға  әрекет етуде».

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне сөйлеген сөзінде ол: «Бұл кеңес батыл әрекет етуі керек. Үнсіз қалу бұл қылмыстарға қатысы бар дегенді білдіреді.  Егер бұл Кеңес шара қолданбаса және бұл ашық агрессияны айыптай алмаса, Газаға қатысты болғандай серіктестік еткен қара дақ оның ар-ұжданында мәңгілікке қалады», -деді.
 
Ұлыбритания 
Кездесудегі Ұлыбританияның елшісі әрі тұрақты өкілі Барбара Вудворд та басқыншылардың Иран жеріне жасаған әрекеттерін айыптамастан: «Ұлыбритания АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарына қатысқан жоқ», деді. 
 
Ресей
Василий Небензя, Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі: «АҚШ-тың Иранға қарсы жауапкершіліксіз әрі арандатушылық әрекеттерін қатаң түрде айыптаймыз. АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылдары халықаралық қауымдастыққа толық құрметсіздікті көрсетеді. Вашингтон Иранға жасаған шабуылынан туындауы мүмкін қауіпті радиологиялық зардаптарға бей-жай қарайды»,- деді.

Небензя былай деп мәлімдеді: «Америка мен Израиль өзін-өзі тағайындаған судьялар және ешбір қылмыстан бас тартпайды. Біздің американдық әріптестеріміз дипломатияға қызығушылық танытпайды және оны қоғамдық аренада ашық түрде бұзады».
 
Франция
Францияның БҰҰ-дағы елшісі әрі тұрақты өкілі Жером Бонафонте де АҚШ пен Израильдің Иран мен оның ядролық нысандарына жасаған шабуылында Париждің рөлі жоқ екенін жариялап, дөрекі түрде: «Иранды шиеленісті арттырмауға және жауап қайтармауға шақырамыз» деді.
 
Қытай 
Қытайдың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі өкілі Фу Конг: «АҚШ-тың Иранның үш ядролық нысанына жасаған шабуылын айыптаймыз. Бұл шабуылдар - халықаралық құқықты  және Иранның егемендігін бұзу. Бұл шабуылдар сондай-ақ ядролық қаруды таратпау режимін бұзу болып табылады» деді.
 
АҚШ 
АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісінің орынбасары Дороти Ши Қауіпсіздік кеңесінің отырысында жасаған мәлімдемесінде Вашингтонның Иранның ядролық нысандарына жасаған шабуылдарын ақтап: «Бұл әрекет серіктесіміз Израильді қорғау құқығын қолдау үшін жасалды!» деді. Ол: «Теһран бұл агрессияға жауап бермеуі керек» деп қосты.
 
Пәкістан 
Пәкістанның өкілі Асим Ифтихар Ахмед Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: «Біз Израиль мен Американың Иранға қарсы агрессиясын қатаң айыптаймыз және Иранды толық қолдайтынымызды жариялаймыз, сондай-ақ бұл елдің Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына негізделген өзін қорғауға заңды құқығын мойындаймыз»,-деді.
 
Алжир 
Кездесудегі Алжир өкілі Аммар Бенджаме  өз сөзінде: «Халықаралық қорғаудағы ядролық нысандарды нысанаға алу ядролық қаруды таратпау халықаралық жүйенің тұтастығы мен сеніміне нұқсан келтіреді».
 
Сионистік режим 
Сионистік режимнің басқыншылығын қолдайтын бірнеше атышулы Еуропа елдерінен басқа әлемнің көптеген елдері АҚШ пен сионистік режимнің Иран жеріне басқыншылығы мен шабуылдарын және  бейбіт тұрғындарды өлтіруін айыптағанымен, сионистік режимнің өкілі осы әрекеті үшін әлем «Израиль мен Дональд Трампқа алғыс айтуы керек» деп мәлімдеді.