Сионистік жазушы: Дональд Трамп бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына емес, геноцид сыйлығына лайық
https://itolqyn.com/news/world-i81254
ParsToday - Сионистік жазушы АҚШ президенті Дональд Трампқа Нобель бейбітшілік сыйлығын беру мүмкіндігі туралы болжамдардан кейін Вашингтонның қолдауымен Газа секторындағы қылмыстардың жалғасуын сынап, оны Халықаралық қылмыстық сотта соттауды талап етті.
(last modified 2025-09-03T13:42:15+00:00 )
Қыр 03, 2025 18:57 Asia/Almaty
  • Сионистік жазушы: Дональд Трамп бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына емес, геноцид сыйлығына лайық

ParsToday - Сионистік жазушы АҚШ президенті Дональд Трампқа Нобель бейбітшілік сыйлығын беру мүмкіндігі туралы болжамдардан кейін Вашингтонның қолдауымен Газа секторындағы қылмыстардың жалғасуын сынап, оны Халықаралық қылмыстық сотта соттауды талап етті.

ParsToday агенттігінің ISNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Haaretz жазушысы Гидеон Леви мақаласында: «АҚШ президенті Дональд Трамп Нобель бейбітшілік сыйлығына лайық емес. Оның лайықты орны - Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот. Газадағы қырғындарға израильдік емес ешбір адам ол сияқты жауапты емес. Тек ол бұл жан түршігерлік соғысты телефонмен тоқтата алады, бірақ ол мұны істемейді» деп жазды.

Rai El-Youm газетінің хабарлауынша, ол сөзін жалғастырды: «Трамп қоңырау шалмас түгілі, ештеңе болмағандай Израиль соғыс машинасын қолдауды, қаруландыруды және қаржыландыруды жалғастыруда. Трамптың есімі Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығымен байланыстырылғанда, шындық толығымен бұрмаланады. Егер сыйлық геноцидке қатысты болса,  оны Нетаньяху мен Трампқа беру керек».

Гидеон Леви сонымен қатар еврей текті американдық кәсіпқой саясаткер және оккупациялық режимнің стратегиялық істер министрі Рон Дермердің Ақ үй мен АҚШ-тың 16 барлау агенттігін алдап, «төгілген қан Америка үшін бақыт» деп сендіре алғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл алдаудың нәтижесі Трамптың сионистік режимнің соғысқұмар саясаттарын заңдастырып, Нобель бейбітшілік сыйлығын алуға талпынысы болды.