Каспий теңізі; Білім, өнеркәсіп және энергетикалық дипломатияның байланыс нүктесі
https://itolqyn.com/news/world-i81552-Каспий_теңізі_Білім_өнеркәсіп_және_энергетикалық_дипломатияның_байланыс_нүктесі
ParsToday - Ресейдегі Астрахань мемлекеттік техникалық университетінде «Каспий - сәттілік теңізі» атты үшінші халықаралық жастар мұнай-газ конференциясы өтті және кездесуде Каспий маңы елдері арасындағы ынтымақтастықтың кеңеюіне ерекше көңіл бөлінді.
(last modified 2025-10-06T12:07:02+00:00 )
Қаз 06, 2025 16:05 Asia/Almaty
  • Каспий теңізі; Білім, өнеркәсіп және энергетикалық дипломатияның байланыс нүктесі

ParsToday - Ресейдегі Астрахань мемлекеттік техникалық университетінде «Каспий - сәттілік теңізі» атты үшінші халықаралық жастар мұнай-газ конференциясы өтті және кездесуде Каспий маңы елдері арасындағы ынтымақтастықтың кеңеюіне ерекше көңіл бөлінді.

Астрахань мемлекеттік техникалық университетінде «Каспий - сәттілік теңізі» атты үшінші халықаралық жастар мұнай-газ конференциясы өтті, оған жергілікті билік өкілдері, ғалымдар мен энергетика белсенділері қатысты. Бұл ғылыми-өндірістік шараға Иран Ислам Республикасының Астраханьдағы бас консулы Ахмад Хейдариан да қатысты. Ол арнайы отырыстарға қатысып, ірі Лукойл компаниясының менеджерлерімен, көрнекті профессорлар мен ғылым қайраткерлерімен және мұнай-газ саласындағы сарапшылармен пікірталас жүргізді.

Осы конференция аясында Иранның бас консулы Каспий теңізінің аймақ пен әлемді энергиямен қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталып, Каспий жағалауы елдерінің, әсіресе Иран мен Ресейдің ғылыми зерттеулер, жаңа технологиялар, мұнай-газ өнеркәсібі жобалары саласындағы кең ауқымды ынтымақтастығы қажеттігін қуаттады. Хейдариан бұл ынтымақтастықты екі елдің басқа салалардағы, соның ішінде ғылыми, өндірістік және экономикалық салалардағы қарым-қатынастарын дамыту үшін қолайлы алаң деп санады.

Иранның бас консулы сондай-ақ: «Университеттер, зерттеу орталықтары және білімге негізделген компаниялар арасындағы өзара әрекеттесу бұрғылау, өңдеу, тасымалдау және энергияны сақтау үшін жаңа технологиялардың дамуына себеп болуы мүмкін. Бұл ынтымақтастық елдердің ішкі мүмкіндіктерін жақсартуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар технология мен техникалық білімнің басқа аймақтарға экспортталуына жол ашады»,- деп баса айтты.

Каспий теңізі экологиялық және географиялық тұрғыдан ғана маңызды емес, сонымен қатар Еуразия аймағындағы маңызды энергетикалық тораптардың бірі болып табылады. Бұл теңіздің жағалауындағы мемлекеттер, соның ішінде Иран, Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан және Қазақстан, әрқайсысының мұнай-газ әлеуеті зор. Сонымен қатар, энергетика саласындағы аймақтық ынтымақтастықты кеңейту тұрақты дамуда, энергетикалық қауіпсіздікте және экономикалық өсімде шешуші рөл атқара алады.

Каспий теңізі Азия мен Еуропа арасындағы көпір ретінде жаһандық энергиямен қамтамасыз етуде де маңызды рөл атқарады. Аймақтық ынтымақтастық энергетикалық дәліздерді, бірлескен құбырларды, экспорттық терминалдарды және теңіз көлігі бағыттарын құруға әкелуі мүмкін. Иран мен Ресей энергетика саласында көбірек ынтымақтаса отырып, геосаяси қатынасқа жол ашып, ғылым, өнеркәсіп және экономика сияқты басқа салалардағы қарым-қатынастарды нығайта алады.

Каспий жағалауындағы елдердің өндірістік инфрақұрылымы, табиғи ресурстары, маманданған адами ресурстары бар. Астрахань мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми және өнеркәсіптік шенеуніктердің қатысуымен «Каспий - сәттілік теңізі» сияқты конференцияларды өткізу бұл елдердің энергетикалық салада өзара әрекеттесу мен ынтымақтастыққа дайын екендігінін белгісі   Бұл конференциялар білім алмасуға, инвестиция тартуға және бірлескен жобаларды құруға алаң болып, аймақ елдерінің энергетика саласындағы сындарлы өзара іс-қимылға байыпты табандылығын көрсетеді.

Каспий теңізінің оңтүстігінде мұнай мен газдың мол қоры бар Иранның басқа да жағалаудағы мемлекеттермен ынтымақтастықты дамыту әлеуеті жоғары. Көрші елдермен, әсіресе Ресеймен ынтымақтастық технологиялар трансфертіне, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, инфрақұрылымды дамытуға жол ашуы мүмкін. Иран мен Ресей мұнай және газ салаларындағы әртүрлі қуаттарымен аймақтың энергетикалық болашағында тиімді рөл атқара алады және Каспий теңізіндегі ортақ ресурстардағы өз үлесін сақтап, нығайта алады.

Каспий жағалауы елдерінің энергетика саласындағы ынтымақтастығын кеңейту ресурстарды оңтайлы пайдалану, аймақтың тұрақты дамуы және осы елдердің жаһандық аренадағы геосаяси ұстанымын нығайту үшін стратегиялық қажеттілік болып табылады. Иран өзінің ішкі мүмкіндіктері мен көршілерімен сындарлы әрекеттесу арқылы аймақтың энергетикалық болашағында тиімді рөл атқара алады.