Сионистік іріткі салу жобасы сәтсіздікке ұшырады; Италиялық белсенді режим түрмесінде исламды қабылдады
https://itolqyn.com/news/world-i81564-Сионистік_іріткі_салу_жобасы_сәтсіздікке_ұшырады_Италиялық_белсенді_режим_түрмесінде_исламды_қабылдады
ParsToday – «Сумуд» флотының мүшесі итальяндық белсендінің исламды қабылдауы сионистердің ашуын тудырды.
(last modified 2025-10-07T11:43:09+00:00 )
Қаз 07, 2025 16:29 Asia/Almaty
  • Сионистік іріткі салу жобасы сәтсіздікке ұшырады; Италиялық белсенді режим түрмесінде исламды қабылдады

ParsToday – «Сумуд» флотының мүшесі итальяндық белсендінің исламды қабылдауы сионистердің ашуын тудырды.

Жаһандық қарсыласу флотының мүшесі итальяндық белсенді режим түрмесінде исламды қабылдады. ParsToday агенттігінің Iqna ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Газа секторына қоршауды бұзу үшін аттанған «Сумуд» флотындағы «Мария Кристиан» кемесінің капитаны және итальяндық белсенді Томмасо Бортолацци Израиль басқыншы күштері тұтқындаған соң исламды қабылдады.

Бостандыққа шығып, Түркияға кіргеннен кейін Бортолацци әлеуметтік желіде кеңінен таралған видеода өзімен бірге флотилияда болған түрік белсендісінің қасында: «Мен Израиль түрмесінде Исламды қабылдадым», - деді.

Видеода түрік белсендісі: «Таң намазы кезінде басқыншы күштер камераларға шабуыл жасады, бірақ Томми оларға қарсы тұрып, олардың бізге шабуыл жасауына жол бермеді. Намаз кезінде ол бізбен бірге отырды. Біз түрмедегілердің бәрі естісін деп қатты дауыстап дұға еттік», - деді.

Ол былай деп қосты: «Біз түрмеде бір-бірімізбен қатар отырдық. Мен Томмиден осыған дейін Ислам туралы оқыды ма деп сұрадым. Ол оқығанын және өзі діндар отбасынан шыққан католик екенін айтты.

Түрік белсендісі сол сәттерді терең тебіреніспен айтып, былай деді: «Томи түрме көлігінің ішінде «Шахадатин» (иман куәлігі) оқып, барлық тұтқындардың көз жасы мен қуанышында Исламды қабылдағанын хабарлады».

Ол сөзін жалғастырып: «Сол кезде барлығы оны құшақтады, бірақ бұл көрініс басқыншы күштердің ашу-ызасын тудырды, олар оны дереу сыртқа шығарып, изоляторға қамады. Сол кезде мен: «Томми Исламды қабылдауының құнын төледі», - дедім.

 

Христиандар – режим қырғынының басқа нысаны

ISNA-ның мәліметі бойынша, 2023 жылдың 7 қазанында Газа геноциді басталғаннан бері сионистік режим Палестина қоғамының моральдық және діни беделіне шабуыл жасау мақсатында 20 христиан мен 233 мұсылман уағызшысы мен ғалымын шәһид етіп, жүздеген мешіт пен бірнеше ірі шіркеуді қиратты.

Осы есеп бойынша, сионистік режим осы кезеңде мұсылман және христиан ғалымдары, уағызшылар, мешіт имамдары мен діни жетекшілерді қасақана нысанаға алып, 835-тен астам мешітті толығымен қиратып, 180-нен астам мешітке зиян келтірді.

Сондай-ақ, Газадағы үш негізгі шіркеу; Әулие Порфириос, Қасиетті отбасы және Евангелистік баптистер бірнеше рет бомбаланды, нәтижесінде 20-дан астам христиандар, соның ішінде әйелдер, балалар және қарт адамдар шәһид болды және олардың тарихи және қызмет көрсету орталықтары жойылды. Басқыншы режимнің шабуылдарында атақты тұлғалардың шәһид болуымен қатар, 2023 жылы 17 шілдеде Қасиетті отбасы шіркеуі мен 19 қазанда Әулие Порфириос шіркеуінің бомбалануы қанды шабуылдардың мысалдары.