Ресей мен Өзбекстан екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейтуді қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i8167
Ресей Сыртқы істер министрі мен Өзбекстан президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықтар деңгейін ұлғайту туралы сұхбаттасты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 25, 2016 21:21 Asia/Almaty
  • Ресей мен Өзбекстан екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейтуді қуаттады

Ресей Сыртқы істер министрі мен Өзбекстан президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықтар деңгейін ұлғайту туралы сұхбаттасты.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Өзбекстан президенті Ислам Каримов осы елдің астанасы Ташкентте болған кездесуде екі елдің бәсекеге қабілетті тауарлар өндіру үшін бірлесіп инвестиция салудағы серіктестігінің маңыздылығын қуаттады.

Лавров пен Каримовтің айтуынша, осы ынтымақтастық екі елдің 2015- 2019 жылдар аралығындағы Мәскеу мен Ташкент арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту және күшейту жөніндегі келісімдері бағытында іске асырылуы керек.

Сергей Лавров сондай- ақ Өзбекстанға жасаған сапарында Сирияның эр-Ракка» облысына жасалған шабуыл туралы отырыста: «Мәскеу осы облысты ДАИШ лаңкестік тобының қарамағынан азат ету үшін үйлесімділіктің толық жауапкершілігін өз мойнына алуға дайын. Мәскеу мен Вашингтон Сириядағы әскери қимылдардың үйлесімділігі үшін және мәлімет алмасу туралы келісті» деді.