БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілінің орынбасары Амир Абдоллаһиянмен кездесті
Иран СІМ-нің араб және Африка елдері істері бойынша орынбасары Сириядағы дағдарысты шешуге арналған келіссөздерде Сирия халқының шынайы өкілдерінің қатысуын қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрінің араб және Африка елдері істері бойынша орынбасары Хосейн Амир Абдоллаһиян сәрсенбі күні БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілінің орынбасары Рамзи әз-аддин Рамзимен Теһрандағы кездесуінде: "Сирия дағдарысын шешу үшін аталмыш елдің шынайы өкілдерінің келіссөздерге қатысуы және бұл елге гуманитарлық көмек көрсетуді саяси мәселеге айналдырмау өте маңызды болып табылады", - деді.
БҰҰ Бас хатшсының Сирия мәселесі бойынша арнайы өкілі Стеффан де Мистураның орынбасары Рамзи әз-Аддин Рамзи аталмыш кездесу барысында Сириядағы жағдайдың ушыққанына тоқталып, Сирия дағдарысын тоқтатуда саяси шешім табуды тездетуді баса айтып, осы мәселені шешуде Иранның рөлін маңызды деп атап: "Қазір Сирия мәселесі жөнінде саяси шешім табу үшін елді дағдарыстан шығару туралы ИИР-ның идеялары қажет", - деп мәлімдеді.