АҚХА Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының баптарын сақтайтынын қуаттады
(last modified Sat, 28 May 2016 09:58:05 GMT )
Maм 28, 2016 15:58 Asia/Almaty
  • АҚХА Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының баптарын сақтайтынын қуаттады

АҚХА Иранның уран мен ауыр су қоры бойынша ядролық келісімде белгіленген шектен шықпағанын мәлімдеді.

Reuters ақпарат агенттігінің Венадан хабарлауы бойынша, АҚХА жұма күні өзінің кварталдық есебінде Иранға қатысты бөлігінде бұл елдің уран мен ауыр су қорының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында белгіленген межеде сақталынғанын жазды.

Осы мәлімет бойынша, есепте көрсетілген уақыт аралығында Иранда ауыр су көлемі 130 тоннадан, ал уран қоры жалпы алғанда 300 кг-нан аспаған.

АҚХА Бас хатшысының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі екінші есебі болып табылатын 5 беттік есеп Иран тарапынан ядролық келісімге қатысты барлық шаралардың толық атқарылып жатқанын тағы растады.