Американың астанасында исламның бейбітшілік пен достық үндеуі жарияланды
(last modified Sat, 28 May 2016 16:43:37 GMT )
Maм 28, 2016 22:43 Asia/Almaty
  • Американың астанасында исламның бейбітшілік пен достық үндеуі жарияланды

Америкалық мұсылман жастар исламға үрке қарау толқынына тосқауыл қойып, исламның бейбітшілік пен достық үндеуін көрсету үшін осы елдің астанасында халыққа гүл шоқтарын сыйлады.

Мэриленд, Виргиния штаттары мен Вашингтон қаласының мұсылман жастары жұма күні Америка астанасындағы халық көп қатынайтын метро аялдамаларының бірінің алдында исламға үрке қарау толқынына тосқауыл қойып, исламның бейбітшілік пен достық үндеуін көрсету мақсатында осы елдің азаматтарына раушан гүл шоқтарын сыйлады.

Осы мәдени шарада Құран аяттары мен ислам пайғамбарының және дін басылардың хадистерімен бірге 450- ден астам раушан гүл шоқтарының тарту етілуі америкалық азаматтардың назарын аударды.

Соңғы жылдары кейбір америкалық қайраткерлердің, әсіресе Парламент пен Сенаттағы кейбір депутаттардың өшпенділік мәлімдемелеріне байланысты Америкадағы мұсылмандарға қатысты психикалық қысым артып отыр.