Түркия президенті Американы сынады
Maм 29, 2016 21:40 Asia/Almaty
Түркия президенті өзінің қатаң мәлімдемесінде Американың сириялық күрдтерге қолдау көрсетуін айыптады.
Режеп Тайып Ердоған Түркияның күрдтер тұратын Диярбакыр қаласында сөйлеген сөзінде: "Бізбен дос және НАТО-да бізбен одақтас елдердің әскерилері Сирия Күрдістанының демократиялық одағына әскери қолдау көрсете алмайды" деді.
Түркия Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоглу да сенбі күні Американы лаңкестікпен күресте екіжүзділік танытып отыр деп айыптады.
Тегтер