Иран мен Украина Сыртқы істер министрлері кеңесті
Иран мен Украина Сыртқы істер министрлері екі жақты байланыстарды кеңейту мен нығайту жолдары және аймақтық, халықаралық мәселелер туралы ой бөлісті.
СІМ- нің ақпараттық дипломатия бас басқармасының мәлімдеуінше, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда Украина Сыртқы істер министрі Павел Климкинді қабылдауында екі елдің байланысын сараптап: «Қос жақты байланыс табиғи үдеріспен ілгерілеуде. Украинаның экономикалық делегациясының Иранға жасаған сапары екі елдің экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықтарын кеңейтуге алғышарт әзірлейді» деді.
Иран Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы келісімінен туындайтын банктік және қаржы айналымы әріптестіктерінің келешегін баяндап: ««Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы келісімінің әсерлері Иран мен Украинаның жекеменшік және үкіметтік компаниялары арасындағы қаржылық әріптестіктер ісінің ілгерілеуі үшін игі нәтижелер дайындайды» деді.
Иранның дипломатиялық аппаратының төрағасы сондай- ақ Иран мен Украинаның көп жақты әрі халықаралық ынтымақтастықтарына сілтеме жасап: «Екі ел халықаралық ұйымдарда, есірткі заттармен және ұйымдасқан қылмыспен күрес саласында екі жақты әрі көп жақты сындарлы ынтымақтастық жасай алады» деді.
Украина Сыртқы істер министрі де Теһран- Киевтің екі он жылдан астам байсалды байланыстарына сілтеме жасап, елінің саяси және экономикалық барлық салаларда Иранмен байланысты кеңейтуді қалайтынын мәлімдеді.