Ресейдің өкілі ядролық келісімнің оң әсерін қуаттады
(last modified Mon, 30 May 2016 15:51:47 GMT )
Maм 30, 2016 21:51 Asia/Almaty
  • Ресейдің өкілі ядролық келісімнің оң әсерін қуаттады

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі Ресейдің өкілі Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Иран туралы жаңа есебінің ядролық келісімнің оң әсерін көрсететінін мәлімдеді.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі Ресейдің өкілі Владимир Воронков «Спутник» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: АҚХА-ның Басқарма кеңесі 6-10 маусым аралығындағы отырысында өткен аптада жарияланған осы есепке шолу жасайды. Бұл құжат Иран ислам республикасының ядролық келісімді орындау бағытында сәтті қадам жасап отырғанын дәлелдейді.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы қалыпты түрде жүріп жатыр. Бұл өте жақсы. «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы әсерлі болды» деді.