Салехи Иранның Ресеймен бейбіт атом қуаты саласында әріптестік жасауы қажеттігін қуаттады
(last modified Tue, 31 May 2016 12:38:21 GMT )
Maм 31, 2016 18:38 Asia/Almaty
  • Салехи Иранның Ресеймен бейбіт атом қуаты саласында әріптестік жасауы қажеттігін қуаттады

Иран Атом қуаты ұйымының төрағасы Ресеймен бейбіт атом қуаты саласында әріптестікті жалғастыра беру қажеттігін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Атом қуаты ұйымының төрағасы Әлиакбар Салехи дүйсенбі күні Атом қуаты ұйымы мен Мұнай министрінің әртүрлі ғылыми салаларда ынтымақтастық жасау туралы келісімшартқа қол қою рәсімі аясында сөйлеген сөзінде Ресейге 40 тонна ауыр су сату келісімінің әлі қорытындыланбағанын айтып: «Теһран Фордуда тұрақты изотоптар өндіру бойынша Ресеймен әріптестік жасайды»,-деді.

Әлиакбар Салехи артылған ауыр суды америкалықтарға сату туралы: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша 130 тоннадан асқан ауыр суды сату үшін ұсыныс беруге міндеттеме алған»,-деді.

Тегтер