Салехи Иранның Ресеймен бейбіт атом қуаты саласында әріптестік жасауы қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i8560-Салехи_Иранның_Ресеймен_бейбіт_атом_қуаты_саласында_әріптестік_жасауы_қажеттігін_қуаттады
Иран Атом қуаты ұйымының төрағасы Ресеймен бейбіт атом қуаты саласында әріптестікті жалғастыра беру қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 31, 2016 18:38 Asia/Almaty
  • Салехи Иранның Ресеймен бейбіт атом қуаты саласында әріптестік жасауы қажеттігін қуаттады

Иран Атом қуаты ұйымының төрағасы Ресеймен бейбіт атом қуаты саласында әріптестікті жалғастыра беру қажеттігін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Атом қуаты ұйымының төрағасы Әлиакбар Салехи дүйсенбі күні Атом қуаты ұйымы мен Мұнай министрінің әртүрлі ғылыми салаларда ынтымақтастық жасау туралы келісімшартқа қол қою рәсімі аясында сөйлеген сөзінде Ресейге 40 тонна ауыр су сату келісімінің әлі қорытындыланбағанын айтып: «Теһран Фордуда тұрақты изотоптар өндіру бойынша Ресеймен әріптестік жасайды»,-деді.

Әлиакбар Салехи артылған ауыр суды америкалықтарға сату туралы: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша 130 тоннадан асқан ауыр суды сату үшін ұсыныс беруге міндеттеме алған»,-деді.