Германияда Иран мен Еуропаның экономикалық ынтымақтастықтарының орталығы ашылды
Германияда Иран мен Еуропаның экономикалық ынтымақтастықтарының орталығы ашылды.
Бұл орталық Германияда Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мұхаммад Реза Нематзаденің қатысуымен ашылды. Бұл орталық санкциялардың күші жойылғаннан кейінгі кезеңдегі қарым-қатынастар көпірі және Иран мен Еуродақтың сауда-экономикалық қарым-қатынастарын жандандыратын маңызды орталық болады.
Германияда ашылған Иран мен Еуропаның экономикалық ынтымақтастықтары орталығының өнеркәсіп және сауда бөлімі жеке меншік бөлімдегі Иран мен Еуропаның экономикалық және сауда қарым-қатынастарын дамытуды өз қолына алады.
Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мұхаммад Реза Нематзаде қарым-қатынастарды кеңейту және екіжақты ынтымақтастықтарды дамыту жолындағы кедергілер алынған соң экономикалық топты басқарып, Берлинге сапар шекті.