Ресей Курил аралдарын Жапонияға бермейді
Маусым 01, 2016 21:33 Asia/Almaty
Ресей Сыртқы істер министрі Мәскеу Курил аралдарын Жапонияға бергелі отырған жоқ деп мәлімдеді.
Сергей Лавров «Комсомольская Правда» газетіне берген сұхбатында: "Ресей Курил аралдарын Жапонияға бермейді. Ресей бейбітшілік келісіміне қол қою үшін Жапонияға жалынбайды" деді.
Мәскеу мен Токио Тынық мұхитындағы төрт аралдың меншігі туралы келіспей отыр. Ресей осы аралдарды «Оңтүстік Курил» деп атаса, Жапония оны «Солтүстік өлкелер» деп атайды.
Тегтер