Амано Иранның ядролық келісімге берік екенін растады
(last modified Sun, 05 Jun 2016 09:23:12 GMT )
Маусым 05, 2016 15:23 Asia/Almaty
  • Амано Иранның ядролық келісімге берік екенін растады

АҚХА басқарма кеңесінің маусымдық отырысы өтер алдында осы ұйымның Бас директоры тағы бір рет Иранның ядролық келісімге берік екенін растады.

АҚХА-ның Бас директоры Юкио Амано осы агенттіктің басқарма кеңесінің маусымдық отырысы өтетін 6 маусым қарсаңында «Вашингтон пост» газетіне берген сұхбатында Иранның ядролық келісімге берік екенін растап: «Иранмен келісім өте маңызды, алайда осы келісімді сақтау талпыныстардың жалғаса беруін талап етеді»,-деді.

АҚХА-ның Бас директоры өткен жылы Иранның ядролық нысандарын, соның ішінде Теһранның атырабында орналасқан «Парчин» нысанын тексеріп қайтқанына тоқталып: «Иранның ядролық бағдарламасының дұрыстығын анықтау өте қиын, алайда маңызды нәрсе мынада: Иранның ядролық нысандарында қалыптан тыс шаралар атқарылып жатқан жоқ»,-деді.

АҚХА өткен аптадағы бір мәлімдемесінде: «6 маусымда агенттік басқарма кеңесінің маусымдық отырысы басталысымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2231-қарары негізіндегі Иран мәселесі талқыланатын болады»,-деп хабарлаған болатын.

Иранның АҚХА-дегі тұрақты өкілі Реза Наджафидің айтуынша, осы агенттік мамандарының оң есептерін ескерсек, АҚХА-ның Бас директоры Юкио Амано «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы орындалғаннан кейінгі осы агенттіктің маусымдық отырысында ұсынатын өзінің екінші есебінде аталмыш бағдарлама негізінде Ираның ядролық мәселеге қатысты барлық шараларды толық орындағанын растайды.

Иранның ядролық келісімге толық берік екендігі мен оның АҚХА тарапынан расталғанына қарамастан, Иран АҚШ-ты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындауға қатысты берген уәделерін орындамай, кедергі жасап жатқаны үшін сынап, бұл кедергілердің Иранға осы келісімнің барлық мүмкіндіктерін тиісті деңгейде пайдалана алмауына себеп болды деп санайды.

Сол себепті ИИР-ның жауапты тұлғалары бірнеше рет Теһранның ядролық бағдарламаға қатысты теріс ойдан арылуды көздегеніне қарамастан, АҚШ-тың ядролық мәселеде ауытқып, кедергі жасауды жалғастыруы Иранның қарсы тарапқа сенімсіздігінің артуына себеп болды деп мәлімдеді.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы орындалғаннан кейін бір жағынан Иран үшін әртүрлі салаларда қолайлы мүмкіндіктер пайда болды, алайда АҚШ-тың қаржы, әскери және саяси салаларда Иранға қарсы кедергілер мен қоқан-лоққылар жасауы жалғасуда. Бұл ядролық келісімге қол қойылғанымен АҚШ-тың Иранға қарсы жауластық саясатында ешқандай өзгерістің орын алмағанын көрсетеді.