Джабери Ансари: Мұхаммед Әли нәсілдік теңдіктің көшбасшыларының бірі болды
(last modified Sun, 05 Jun 2016 15:37:22 GMT )
Маусым 05, 2016 21:37 Asia/Almaty
  • Джабери Ансари: Мұхаммед Әли нәсілдік теңдіктің көшбасшыларының бірі болды

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Мұхаммад Әлиді (Кассиус Марселлус Клей) нәсілдік теңдіктің және қара нәсілділердің құқығын қорғаудың көшбасшыларының бірі әрі түр мен түсі, ұлты және нәсілі деген сылтаумен адамдарды кемсітуге қарсы адами ояу ар- ұжданның үні деп атады.

СІМ- нің ақпараттық дипломатия орталығының мәлімдеуі бойынша, Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари бүгін жексенбі күні әлем боксының аты аңызға айналған чемпионының қазасына орай көңіл айтқан үндеуінде: «Мұхаммед Әли тек бокс спорты саласында ғана атақты және теңдессіз чемпион болған жоқ. Оны спорттағы қаһармандардың көшбасшысы етіп, атағын өміршең еткен Иран мәдениеті мен дәстүрінде «палуандық салты» деген атпен танылатын тақырып болып табылады.

Мұхаммед Әлидің есімі әрдайым империализм, үстемшілдік және соғыс ашуды қабылдамауды еске түсіреді. Мұхаммед Әли нәсілдік теңдіктің және қара нәсілділердің құқығын қорғаудың көшбасшыларының бірі болды» деп мәлімдеді.