Салеһи: 32 тонна ауыр су алдағы апталарда АҚШ-қа жіберіледі
ИИР Атом қуаты ұйымының басшысы 32 тонна ауыр судың алдағы апталарда АҚШ-қа жіберілетіні туралы хабарлады.
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салеһи жексенбі күні «Фарс» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында 32 тонна ауыр судың АҚШ-қа жіберілуі туралы: «Осы уақытқа дейін ауыр судың ақшасы төленген жоқ. Ақшасы төлене салыысымен Иран ауыр суды жібереді. Бұл іс алдағы апталарда іске асырылуы мүмкін»,- деді.
Салеһи сонымен бірге ресейліктермен 40 тонна ауыр суды Ресейге жіберу туралы келіссөздердің жалғасуы туралы еске салып: «Теһран қазір бірнеше еуропалық елмен де ауыр су сатуға қатысты келіссөздер жүргізуде»,- деп мәлімдеді.
АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы Джон Керри өткен сәрсенбі күні Ираннан 32 тонна ауыр су сатып алу туралы: «22-ші сәуірде АҚШ Энергетика министрлігінің «Изотоп» жобасы Ираннан 32 тонна ауыр су сатып алу келісіміне қол қойды. Бұл тиелім алдағы апталарда АҚШ-қа жетеді»,- деді.