Салеһи: 32 тонна ауыр су алдағы апталарда АҚШ-қа жіберіледі
https://itolqyn.com/news/world-i8899-Салеһи_32_тонна_ауыр_су_алдағы_апталарда_АҚШ_қа_жіберіледі
ИИР Атом қуаты ұйымының басшысы 32 тонна ауыр судың алдағы апталарда АҚШ-қа жіберілетіні туралы хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 06, 2016 14:38 Asia/Almaty
  • Салеһи: 32 тонна ауыр су алдағы апталарда АҚШ-қа жіберіледі

ИИР Атом қуаты ұйымының басшысы 32 тонна ауыр судың алдағы апталарда АҚШ-қа жіберілетіні туралы хабарлады.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салеһи жексенбі күні «Фарс» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында 32 тонна ауыр судың АҚШ-қа жіберілуі туралы: «Осы уақытқа дейін ауыр судың ақшасы төленген жоқ. Ақшасы төлене салыысымен Иран ауыр суды жібереді. Бұл іс алдағы апталарда іске асырылуы мүмкін»,- деді.

Салеһи сонымен бірге ресейліктермен 40 тонна ауыр суды Ресейге жіберу туралы келіссөздердің жалғасуы туралы еске салып: «Теһран қазір бірнеше еуропалық елмен де ауыр су сатуға қатысты келіссөздер жүргізуде»,- деп мәлімдеді.

АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы Джон Керри өткен сәрсенбі күні Ираннан 32 тонна ауыр су сатып алу туралы: «22-ші сәуірде АҚШ Энергетика министрлігінің «Изотоп» жобасы Ираннан 32 тонна ауыр су сатып алу келісіміне қол қойды. Бұл тиелім алдағы апталарда АҚШ-қа жетеді»,- деді.