Армения Сыртқы істер министрі Лариджанимен кездесті
(last modified Mon, 06 Jun 2016 15:58:00 GMT )
Маусым 06, 2016 21:58 Asia/Almaty
  • Армения Сыртқы істер министрі Лариджанимен кездесті

Армения Сыртқы істер министрі Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасымен кездесіп, екі елдің екіжақты, аймақтық және халықаралық байланысы туралы сұхбаттасты.

Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА-ның хабарлауынша, Иран мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні түстен кейін Теһранда Армения Сыртқы істер министрі Эдвард Налбандянды қабылдауында виза режимін алып тастау үшін екі ел арасында қол қойылған келісімшартқа сілтеме жасап: "Осы келісім сауда- саттық ынтымақтастықтары мен саяхатшылардың қарым- қатынасын кеңейтуде маңызға ие" деді.

Лариджани Иран мен Арменияның түрлі мәселелерде, соның ішінде аймақтық дағдарыстардағы тұрғыларын жақын деп бағалап: "Қазіргі кезде лаңкестіктің аймақта өрістеуі көңіл алаңдатарлық. Екі елдің осы мәселелерде пікірі бір болуы қажет" деді.

Иран мәжілісінің төрағасы сондай- ақ Қарабақ дағдарысының шешім жолын саяси келіссөздер деп атап, осы негізде дипломатиялық құралдарды пайдалану керектігін қуаттады.

Армения Сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян да осы кездесуде: "Иран мен Армения саяси және экономикалық негіздерде екіжақты байланысты күшейту үшін талпыныс жасауы керек. Парламенттік байланыстар осы істі жүзеге асыруда сындарлы рөлге ие" деді.