Обама мүбәрак Рамазан айының басталуына орай құттықтау жолдады
(last modified Mon, 06 Jun 2016 21:09:42 GMT )
Маусым 07, 2016 03:09 Asia/Almaty
  • Обама мүбәрак Рамазан айының басталуына орай құттықтау жолдады

АҚШ президенті мен Мемлекеттік хатшысы мүбәрак Рамазан айының басталуына орай жеке- дара құттықтаулар жолдады.

Иранның "Тілшілер" клубының жексенбі күнгі хабарлауынша, АҚШ президенті Барак Обама мен Мемлекеттік хатшысы Джон Керри жеке- дара үндеулерінде Америка мен әлемдегі өзге елдердің мұсылмандарын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Ақ Үйдің вебсайтына қойылған АҚШ президентінің мәлімдемесінде барлық мұсылмандарға табыс тілеумен қоса, "Қасиетті Рамазан айы басталатын жаңа ай Америка мен күллі әлем мұсылмандары үшін құтты болсын. Көпшілік үшін мүбәрак Рамазан айы рухани жағынан өсу, иманды күшейту, кешірімділік, төзімділік және тауқыметтерге шыдау арқылы сабырлыққа ден қою мұрсаты болып табылады. Осы сипаттар бір- бірінің жанында үндес бірлікті құрайды" деп жазылған.

АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри де Рамазан айының басталауына орай жолдаған құттықтауында: "Рамазан ислам дініндегі сүйікті ай болып табылады. Ол Құдай Тағаланың қонақжайлылығы үшін қасиетті уақыт болып табылады" деп жазып, биылғы Рамазанның бүкіл әлем мұсылмандары үшін бейбітшілік пен жаңашылдық айы болуына тілектестік білдірді.