Лариджани: Батыстық ағымдар Америкамен байланыс орнатудың сорақылығын жоюға тырысуда
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы: "Бөгде ақпарат құралдары Иран ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни туралы жалған құжаттар таратумен Америкамен байланыс орнатудың сорақылығын жоюға тырысуда" деді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани мәжілістің сейсенбі күнгі отырысында «BBC» хабар арнасының жалған құжат таратқан жуықтағы әрекетіне сілтеме жасап: «Батыстық ағымдар Америкамен байланыс бұрыннан, тіпті ең қиын жағдайда болған деп түсіндіру үшін қоғамдық пікір арасында шок жасамақ ниетпен имам Хомейни жөнінде жалған құжаттар жариялап отыр.
Іріктеп құжат жариялаудағы осы жалған ойын дереу әшкереленді. АҚШ қауіпсіздік кеңесінің мүшесі Гарри Сик сол кезде жазған мақаласының бірнеше бөлігінде «BBC» арнасының осы әрекетінің шындыққа жанаспайтынын нақты түсіндірді" деді.
Парсы тіліндегі «BBC» телеарнасы жуықта Иран ислам республикасының негізін қалаушы аятолла Хомейнидің Американың бұрынғы екі президенті Джон Кеннеди және Джимми Картер үкіметтерімен құпия байланыста болғанын көрсететін құжаттарға қол жеткізді деген уәж айтты.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы сондай- ақ АҚШ Мемлекеттік департаментінің "Иран лаңкестікке қолдау көрсетіп отыр" деген жуықтағы есебін қабылдамай: «Бұл айыптау дәйексіз және надандық. Өйткені бүгінде Иранның лаңкестерге қарсы тұрған аймақтағы жалғыз ел екендігін барша біледі.
Аймақтағы лаңкестерге логистикалық және қаржылай қолдау көрсетуші елдердің барлығы Американың одақтастары екенін бүкіл әлем жұртшылығы біледі» деді.