Теһран мен Астрахань арасында тікелей рейс ашылды
https://itolqyn.com/news/world-i9052-Теһран_мен_Астрахань_арасында_тікелей_рейс_ашылды
Иранның Сауданы дамыту ұйымы төрағасының орынбасары Иран мен Ресей арасында сауда- саттықты жеңілдету мақсатында Теһран мен Астрахань порты арасында алғашқы тікелей рейстің ашылғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 08, 2016 21:50 Asia/Almaty
  • Теһран мен Астрахань арасында тікелей рейс ашылды

Иранның Сауданы дамыту ұйымы төрағасының орынбасары Иран мен Ресей арасында сауда- саттықты жеңілдету мақсатында Теһран мен Астрахань порты арасында алғашқы тікелей рейстің ашылғанын хабарлады.

Иранның Сауданы дамыту ұйымы төрағасының орынбасары Мұхаммад Реза Моудуди Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА- ға берген сұхбатында кеше, сейсенбі, 7- ші маусым күні Теһран- Астрахань бағытында тұңғыш рейстің ашылғанын хабарлап: «Осы рейсті іске қосу Иран мен Ресей арасындағы сауда- саттық тақырыбына көбірек көңіл бөлу бағытында болды. Теһраннан Астраханьға тікелей рейс ашу арқылы кәсіпкерлердің қарым- қатынасын жеңілдетуге ерекше көңіл бөлініп отыр» деді.

Оның айтуынша, осы шара Иран мен Ресейдің сауда- саттық байланысындағы жарқын белес болмақ.

Иранның Сауданы дамыту ұйымы төрағасының орынбасары, сондай- ақ Теһран мен Астрахань арасындағы рейстің апта сайын сейсенбі, жұма күндері ұшатынын мәлімдеді.