Ресей – әлемдегі ең үлкен мұнай экспорттаушы ел
(last modified Thu, 09 Jun 2016 14:23:49 GMT )
Маусым 09, 2016 20:23 Asia/Almaty
  • Ресей – әлемдегі ең үлкен мұнай экспорттаушы ел

Ресейдің 2015 жылғы мұнай экспорты өткен жылмен салыстырғанда 21 миллион тоннадан артық өсіммен Сауд Арабиясынан озып, әлемдегі ең бірінші мұнай экспорттаушы елге айналды.

British Petroleum компаниясы «Ресей өткен жылы құны 233 миллиард 500 миллион долларды құраған 234 миллион 485 мың тонна мұнай және мұнай өнімдерінің экспортымен әлемдік нарықтарда Сауд Арабиясынан жоғарырақ үлеске қол жеткізе алды» деп хабарлады. Осы мәліметке сәйкес, Ресей өзінің мұнай экспортының мөлшерін 74,9 пайыз өндіріске жеткізіп, 33,7 пайыз газын да басқа елдерге жіберген.