Иран Қазақстандағы лаңкестік шабуылды айыптады
https://itolqyn.com/news/world-i9130-Иран_Қазақстандағы_лаңкестік_шабуылды_айыптады
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Қазақстанның Ақтөбе қаласындағы таяудағы лаңкестік амалды ұйымдастырушылардың әрекетін айыптады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 10, 2016 14:48 Asia/Almaty
  • Иран Қазақстандағы лаңкестік шабуылды айыптады

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Қазақстанның Ақтөбе қаласындағы таяудағы лаңкестік амалды ұйымдастырушылардың әрекетін айыптады.

СІМ- нің ақпараттық дипломатия бас басқармасының мәлімдеуі бойынша, Иран СІМ- нің ақпарат хаатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари бейсенбі күні құрбан болғандардың отбасылары және Қазақстан халқы мен үкіметінің қайғысына ортақтастық білдіріп: "Осы оқиға тағы да Орталық Азия аймағының лаңкестік әрекеттер орын алудағы жоғары мүмкіндігі мен аймақ елдерінің экстремизм мен оның идеологиялық және саяси ордаларына жан- жақты тосқауыл қою үшін ынтымақтастық жасауы қажеттігін көрсетеді" деді.

Ақтөбе қаласында орын алған жуырдағы лаңкестік шабуылдардан бірнеше адам қаза болды. Жараланғандардың саны да 37 адам деп хабарланды.