Ресей: Түрік әскерилер Сирияға қарсы қарулы топтардың қолбасшылығын өз мойнына алып отыр
Ресей СІМ: "Түркия әскерилері Халеб майданында Сирияға қарсы соғыскерлер мен қарулы топтардың қолбасшылығын өз мойнына алып отыр" деп мәлімдеді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Ресей СІМ- нің ақпарат хатшысы Мария Захарова жұма күні: «Түрік әскери кеңесшілерінің қарулы топтар қолбасшылығын өз мойнына алып отырғанымен қоса, Түркия тарапынан қару- жарақ тиелген үлкен жүк көліктері Идлиб пен Халебке қарай бет алды» деп мәлімдеді.
Ресей үкіметтік теледидарының екінші арнасының мәлімдеуінше, Захарова тілшілер алдында берген сұхбатта: «Сириядағы ахуал шиеленісті. Ымыраны бұзу үшін арандатушылық шаралар жүріп жатыр» деді.
Ресейдің Қорғаныс министрлігі бұдан бұрын 200- ден астам қарулы соғыскер «ән- Носрат» майданы лаңкестерінен ұйымдасқан топ қалпында Түркия шекарасынан өтіп, Сирияға кірді деп мәлімдеген болатын.