Джабери Ансари: Канада үкіметінің әрекеті қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге қайшы
(last modified Sun, 12 Jun 2016 09:16:46 GMT )
Маусым 12, 2016 15:16 Asia/Almaty
  • Джабери Ансари: Канада үкіметінің әрекеті қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге қайшы

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Канаданың Онтарио провинциясы Жоғары сотының Иранға қарсы ұстанымын екі ел арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру уәждері мен осы елдің бұрынғы үкіметінің экстремистік саясаттарының орнын толтыру жолындағы талпыныстарына қайшы деп атады.

Канаданың Онтарио провинциясының Жоғары соты «Иран лаңкестік топтарды қолдайды» деген негізсіз уәждерімен Иранның активтерінен 13 миллион долларды тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Иран Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари Канаданың Онтарио провинциясының Жоғары сотының шешіміне реакция білдіріп: «ИИР бұл әрекетті халықтың дауысымен биліктен кеткен Канаданың бұрынғы экстремистік үкіметінің дұшпандық саясаты жолындағы жаңа қадам деп түсінеді. Канадалық басшылармен осыған дейін жүргізілген келіссөздерде екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үшін Канада үкіметінің бұрынғы бұрыс экстремистік саясаттарын қайтадан қарастыру қажеттілігі қуатталды»,- деп баса айтты.