БҰҰ- ның құқықтық комитетінің беделі мен мәртебесіне сызат түсті
(last modified Wed, 15 Jun 2016 02:31:15 GMT )
Маусым 15, 2016 08:31 Asia/Almaty
  • БҰҰ- ның құқықтық комитетінің беделі мен мәртебесіне сызат түсті

БҰҰ- дағы Иранның елшісі әрі тұрақты өкілі сионистік режимнің БҰҰ Бас Ассамблеясының алтылық жанама комитеттерінің төрағалығына сайлануын осы құқықтық комитеттің беделі мен мәртебесіне сызат түсірді деп сараптады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ- дағы Иранның елшісі әрі тұрақты өкілі Ғоламали Хошру сионистік режимді халықаралық құқықтың ережелерін бұзу мен заңнан жалтарудың символы деп атады.

Хошру сионистік режим тарапынан БҰҰ жарғысы мен Палестина халқының адам құқығы бұзылуының түрлі фактілеріне сілтеме жасап: «Израиль халықаралық қауымдастықтың талаптарына бағынбай отырған жағдайда осы режим БҰҰ Бас Ассамблеясының алтылық жанама комитеттерінің төрағасы ретінде сайланып отыр» деді.

БҰҰ- дағы Иранның елшісі Израильді Бас Ассамблеясының алтылық жанама комитеттерінің төрағалығына сайлауды БҰҰ жарғысының қағидалары мен осы ұйым соларға жету үшін алдарына қойған мақсаттарды келемеждеу деп атады.

Қыркүйек айында өз жұмысын бастауы тиіс Бас Ассамблеяның 71- ші отырысы үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының алтылық жанама комитеттерінің төрағалар кабинетін сайлау рәсімі дүйсенбі күні Нью- Йоркте БҰҰ- ның штаб-пәтерінде өтті.

Дауысқа салу барысында БҰҰ- ның 80- нен астам мүшесі сионистік режимнің төрағалығына қолдау көрсетпеді.