Иран «Герат- Хаф» темір жолы жобасының үшінші бөлімін орындауға әзірлік танытты
(last modified Wed, 15 Jun 2016 15:56:16 GMT )
Маусым 15, 2016 21:56 Asia/Almaty
  • Иран «Герат- Хаф» темір жолы жобасының үшінші бөлімін орындауға әзірлік танытты

Хорасан Разави облысынан Ауғанстанға аттандырылған делегация Иранның «Герат- Хаф» темір жолы жобасының үшінші бөлімін орындауға әзір екендігін мәлімдеді.

Иранның Хорасан Разави облысына қарасты Хаф қаласының губернаторы Мұхаммад Реза Пахлеваннеджат: «Қазіргі уақытта «Герат- Хаф» темір жолының 80 шақырымы Иран жерінде салынудың соңғы кезеңінде ИИР «Герат-Хаф» темір жолының 142 шақырымын салу үшін 200 млн доллар қаржы жұмсаған. Осы арада оның 60 шақырымы Ауғанстан жерінде болса, 80 шақырымы Иран жерінде» деді.

«Герат-Хаф» темір жолының үшінші бөлімінің рельстерін орнату Ауғанстанның батысында жуырда Герат уалаятында басталуы тиіс.

«Герат-Хаф» темір жолы жобасының аяқталуымен Ауғанстанның батысы тұңғыш рет темір жолға ие болып, Иранның жалпы темір жолы арқылы Түркия- Еуропа және Парсы Шығанағындағы Иранның порттарына жолы ашылатын болады.