Иран сионистік режимнің лаңкестікпен күрес комитетіне төрағалыққа сайлануын сынады
(last modified Thu, 16 Jun 2016 08:56:04 GMT )
Маусым 16, 2016 14:56 Asia/Almaty
  • Иран сионистік режимнің лаңкестікпен күрес комитетіне төрағалыққа сайлануын сынады

БҰҰ- дағы Иран ислам республикасы өкілдігінің орынбасары сионистік режимнің БҰҰ-ның құқықтық және лаңкестікпен күрес комитетіне төрағалыққа сайлануын сынады.

БҰҰ-дағы Иран өкілдігінің орынбасары Ғоламхосейн Деһқани сәрсенбі күні Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында сионистік режимнің БҰҰ- ның құқықтық және лаңкестікпен күрес комитетінің төрағасы болып сайлануын адам құқығы негізінде екіұдай стандарттардың бар екендігінің ашық дәлелі деп атап: «Бас Ассамблеяның барлық қарарларына өзінің ісі- әрекетімен көзжұмбайлық танытқан соңғы он жылдықтардағы ең маңызды халықаралық құқықты бұзушы сионистік режим болды.

Израиль режимінің дауыс жинауына және осы режимінің лаңкестікпен күрес комитеті жауапкершілігін қолға алуына Батыстың күш салуы БҰҰ- ның мақсаттары мен жарғысын келемеждеу жолындағы талпыныс болып табылады.

АҚШ пен сионистік режимнің БҰҰ- ның кейбір комитеттерін басқару жолындағы көптеген талпыныстары сәтсіздікке ұшырады, бірақ осы тосын оқиға Иран Ислам Республикасының ауқымды қарсылығымен бетпе-бет келді» деп мәлімдеді.