Иран Ресейді азық-түлікпен қамтамасыз етеді
Иранның Өнеркәсіп, кен және ауылшаруашылық сауда палатасының орынбасары: «Түркияның Ресейге жіберетін азық-түлік экспортының азаюына байланысты ИИР Ресейдің азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз етеді»,- деді.
ТАСС агенттігінің мәліметінше, Иранның Өнеркәсіп, кен және ауылшаруашылық сауда палатасының орынбасары Падрам Сұлтани бейсенбі күні Санкт-Петербургте өткен Халықаралық экономикалық форумның отырысында : «Қазіргі кезде Түркияның ауылшаруашылық және азық-түлік экспортының азаюына байланысты Ресей Иранға қарай бет бұрды. Жақын келешекте Иран Ресейдің азық-түлік қажеттілігінің маңызды бөлімін қамтамасыз ете алады»,- деп қуаттады.
Ресей биылғы жылдың басынан Түркиядан көптеген азық-түлік өнімін импорттауға тыйым салған болатын. Мұндай шешім Түркияның Ресей әуе күштерінің ұшағын құлатқаннан кейін қабылданды.
Ресейдегі Иран елшісі Меһди Санаи Санкт-Петербургтегі Халықаралық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Иран мен Ресейдің сауда қарым-қатынастары қазіргі саяси келіссөздер деңгейінен төмен екендігін мәлімдеп, оны кеңейту керектігін қуаттады.