Сот Британия парламентінің депутаты Джо Коксты өлтірушіні айыптады
(last modified Sat, 18 Jun 2016 16:04:25 GMT )
Маусым 18, 2016 22:04 Asia/Almaty
  • Сот Британия парламентінің депутаты Джо Коксты өлтірушіні айыптады

Британия парламентінің депутаты Джо Кокстың өліміне айыпталған адам сотта оның есімін сұраған сот хатшысына «Менің есімім – сатқындардың ажалы, Британияны азат ету» деп жауап берді.

Джо Кокстың өліміне айыпталушы Томас Майэр сенбі күні Лондонның Вестминстер сотына қатысты.

Джо Кокстың өлімі Англия халқын есеңгіретіп, Англияның Еуропа Одағында қалу, қалмауына қатысты алдағы аптада өтетін референдумның үгіт-насихаттық науқанының уақытша тоқтатылуына себеп болды.