Ресейдің Қорғаныс министрі Башар Асадпен кездесті
(last modified Sun, 19 Jun 2016 16:04:07 GMT )
Маусым 19, 2016 22:04 Asia/Almaty

Сирия президенті мен Ресейдің Қорғаныс министрі Сириядағы өзгерістер мен лаңкестермен соғыс мәселесіне шолу жасады.

Ливанның «Almayadeen» телеарнасының мәлімдеуінше, Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Сирия президенті Башар Асад сенбі күні түстен кейін Сирия астанасы Дамаскте екі жақты әскери ынтымақтастықтар және Сириядағы лаңкестік топтарға қарсы бірлесіп әрекет ету туралы сұхбаттасқан.

Сирия президенті мен Ресейдің Қорғаныс министрі осы кездесуде Сириядағы лаңкестермен күресу және олардың толығымен көзін жою үшін талпыныстар мен амалдар және ынтымақтастықтарды жалғастыруды қуаттады.

Ресей Қорғаныс министрлігі де өз мәлімдемесінде Шойгудің Дамаскте Башар Асадпен кездесіп, екі елдің армиялары арасындағы және екі тараптың лаңкестік топтармен соғыстағы ынтымақтастығы туралы сұхбаттасқанын хабарлады.

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу, сондай- ақ Сирияға жасаған сапарында Сирияның батысында орналасқан Латакия облысындағы Ресейдің Хмеймим әуе базасын аралады.

Ресей Қорғаныс министрінің Сирияға бір күндік сапары және оның Башар Асадпен кездесуі Ресей президенті Владимир Путин Сириядағы бейбітшілікті ілгерілету үшін сириялық бірнеше қарсыласты үкіметке шақыру жөнінде ұсыныс жасаған соң іске асты.