Әмир Абдоллаһиян: Сирия мәселесі қарастырылатын «Женева- 3» келіссөзі өтеді
Қаң 29, 2016 17:55 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрінің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары "Сирия мәселесі қарастырылатын «Женева- 3» келіссөзі кейінге қалдырылмай, жұма күні басталады" деді.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Хосейн Әмир Абдоллаһиян Мәскеуде қатысқан баспасөз конференциясында Сирия дағдарысы қарастырылатын екі отырыстың өткізілетіндігіне сілтеме жасап: «Сирияны қолдаушы топтың отырысы да 18 ел және БҰҰ- ның қатысуымен 11- ші ақпанда өтуі ықтимал» деді.
БҰҰ да бейсенбі күні Сирия мәселесіне қатысты бітім келіссөздерінің жұма күні белгіленген уақытында Женевада басталатынын хабарлады.
Тегтер