Теһран мен Баку мәдени байланыстарын күшейту үшін талпыныс жасауда
Маусым 20, 2016 21:06 Asia/Almaty
Иран ислам республикасы мен Әзірбайжан республикасы екі елдің мәдени байланыстарын күшейту туралы сұхбаттасты.
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Әли Жәннати Теһрандағы Әзірбайжан республикасының елшісі Бонияд Госеиновті қабылдауында: "Екі ел арасындағы мәдени келісім негізінде үш жылдық кезең үшін осы сала бойынша екі елдің ынтымақтастығының жол картасына қол қою керек" деді. Жәннати екі елдің мәдениет саласына бірлесіп қаржы енгізудің қажеттігін қуаттап, Иран мен Әзірбайжан республикасының түрлі негіздерде ынтымақтастық жасай алатындығын мәлімдеді.
Тегтер