БҰҰ- дағы Сирия өкілі Түркия мен Сауд Арабиясын сынады
(last modified Tue, 21 Jun 2016 15:53:18 GMT )
Маусым 21, 2016 21:53 Asia/Almaty
  • БҰҰ- дағы Сирия өкілі Түркия мен Сауд Арабиясын сынады

БҰҰ- дағы Сирияның тұрақты өкілі Түркия мен Сауд Арабиясын лаңкестерге қолдау көрсетіп отырғаны үшін сынады.

«САНА» ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі мәлімдеуінше, БҰҰ- дағы Сирияның тұрақты өкілі Башар әл- Жафари жаппай қырып жоятын қарулар туралы 2004 жылғы 1540- шы қарарды орындауға қатысты істерге қатысты ресми түрде кеңесу отырысында: «Сауд Арабиясы мен Түркия лаңкестердің химиялық қаруға қол жеткізуін жеңілдетіп отыр» деді.

Башар әл- Жафари тағы да БҰҰ- ның Қауіпсіздік Кеңесінен Сириядағы лаңкестік қарулы топтардың жойқын қаруға қол жеткізуіне кедергі жасауды және олардың демеушілерін, яғни Түркия мен Сауд Арабиясын жауапқа тартуды сұрап:

«Лаңкестер 2016 жылы 13- ші маусымда Дамасктің Батыс Рифтегі Думаға қарасты аймақта химиялық заттар қосылған қолдан жасалған бомбаларды қолданды» деді.