Сирия мен Ирактағы лаңкестік топтардың құрамында 1500 тәжікстандық бар
Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігі Тәжікстанның қауіпсіздік органдарындағы өзінің дереккөздеріне сілтеме жасап, осы елдің 1500 азаматы Сирия мен Ирактағы қақтығыстарға қатысып жатыр деген уәж айтты.
Тәжік тіліндегі радионың ТАСС сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Сирия мен Ирактағы лаңкестік топтардың құрамындағы Тәжікстан азаматтарының осы уақытқа дейін 250- ге жуығы қаза тапқан. Олардың көбісі Сирияда ИСИМ тәкфирлік тобының құрамында Сирия армиясымен соғысып жатыр. Тәжікстан президенті Имамали Рахмон жуырда осы елдің мыңға жуық азаматының Сирия мен Ирактағы құзырына қатты алаңдаушылық білдірген болатын.
Тәжікстанның қауіпсіздік қайраткерлері қаржы дағдарысы және шетел азаматтарының Ресейдегі табысының төмендеуіне байланысты ИСИМ лаңкестік тобының үгіттеушілері сол елде жүрген тәжікстандық жұмыссыз жастарды осы топтарға қосылуға ынталандырады деп санайды. Тәжікстан қайраткерлері шетелдердегі қарулы қақтығыстарға қатысатын өз елінің азаматтары үшін қатаң жаза тағайындап отыр. Дегенмен өз еркімен лаңкестік топтардың қатарынан шығып, өз еліне оралатын кісілерге кешірім жасалып, олардың жазасы жеңілдетіледі.