Малайзияның «AirAsia» компаниясының Куала-Лумпурдан Теһранға рейстері қайтадан ашылды
Малайзияның «AirAsia» компаниясы Куала-Лумпурдан Теһранға алғашқы рейсін бастап, осы және кері бағыттағы рейстерін жандандырды.
Малайзияның «AirAsia» компаниясының Куала- Лумпур- Теһран бағытындағы рейстерінің қайтадан ашылуымен орайлас осы компанияның алғашқы ұшағы сейсенбі күні 23:13-та имам Хомейни атындағы әуежайға келіп қонып, сәрсенбі күні 1: 20-да Теһраннан Куала-Лумпурға бет алды.
«AirAsia» компаниясының екінші рейсі бүгін сәрсенбі 20:20-да Бангкогтен Теһранға келіп, 21:50-де Теһраннан Бангкокке бет алады.
«AirAsia» компаниясының атқарушы директоры Бениямин Исмаил да Иран нарығына қайтадан оралуына қуаныш білдіріп, осы компания қолайлы және арзан бағамен ирандықтардың Оңтүстік- шығыс Азия елдері мен Австралия және Сингапурға сапар шегуі үшін жағдай жасауға күш салуда» деді.
«AirAsia» компаниясының Куала Лумпур- Теһран бағытындағы рейстері Батыстың Иранға қарсы санкцияларынан кейін 2012 жылы тоқтап қалған болатын.