Иран Сирия дағдарысын ешбір шартсыз шешуді тағы қуаттады
(last modified Thu, 23 Jun 2016 14:16:37 GMT )
Маусым 23, 2016 20:16 Asia/Almaty
  • Иран Сирия дағдарысын ешбір шартсыз шешуді тағы қуаттады

БҰҰ-ғы Иранның елшісі әрі тұрақты өкілінің орынбасары Сирия дағдарысының шешім жолын сириялық топтар арасында келіссөздер өткізіп, ешбір шарт қоймай шешу деп атады.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша БҰҰ-ғы ИИР-ның елшісі әрі тұрақты өкілінің орынбасары Ғоламхосейн Деһғани аталмыш ұйымның Бас Ассамблеясында бейсенбі күні өткен отырыста Сирия дағдарысының саяси шешім жолын ешбір шартсыз сириялық топтар арасында келіссөздерді лаңкестікке қарсы шаралармен қатар өткізу арқылы ілгерілету деп атады.

Ғоламхосейн Деһғани сонымен қатар Сирия үкіметінің БҰҰ-мен осы елдің дағдарысының құрбандары мен зардап шеккендеріне гуманитарлық көмектер жеткізу саласындағы серіктестіктерінің жалғасуына тоқталып: «Мәліметтерге сәйкес, Сирия үкіметі осы уақытқа дейін БҰҰ 16 маусымда гуманитарлық көмектер жеткізу амалдары үшін қожетімділік жасауды сұраған 17 аймақтың 16 аймағына мүмкіндік әзірледі» деді.

Деһғани Сирия жерінің ауқымды бөліктерінің лаңкестік топтардың басып алып, өз бақылауына алуын гуманитарлық көмектер жеткізу жолындағы үлкен түйткіл деп атап: «Әлемдік қауымдастықтың гуманитарлық мәселеге қатысты ерік-жігері шынайы болса осы топтармен күресуге күш салуы керек» деп баса айтты.