Ресей Түркиямен сұхбаттасуға әзірлік танытты
https://itolqyn.com/news/world-i9943-Ресей_Түркиямен_сұхбаттасуға_әзірлік_танытты
Ресей СІМ Мәскеудің Түркия СІМ қайраткерлерімен сұхбаттасуға әзір екендігін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 24, 2016 15:33 Asia/Almaty
  • Ресей Түркиямен сұхбаттасуға әзірлік танытты

Ресей СІМ Мәскеудің Түркия СІМ қайраткерлерімен сұхбаттасуға әзір екендігін хабарлады.

Ливанның «Almayadeen» хабар арнасының мәліметі бойынша, Ресей СІМ бейсенбі күні егер Түркия Ресейдің Сочи қаласына шақыруын қабылдаса, Мәскеу осы елдің СІМ-мен келіссөз жүргізуге дайын деп мәлімдеді.

Түркия президентінің ақпарат өкілі «Қазіргі жағдайда ресейлік қырғи ұшақтың Түркияның әуе күші тарапынан атып түсірілуіне қатысты кешірім сұрау және Ресейге өтемақы төлеу Анкараның күн тәртібінде жоқ» деп мәлімдеді.

Ибрахим Калын бейсенбі күні Түркияның Ресеймен арадағы байланысты қалпына келтіру өтінішіне сілтеме жасап: «Келіспеушіліктерді шешу үшін ортақ шешім жолын табатын мүмкіндік бар, бірақ ұзақ жолдан өту керек» деді.

Анкара мен Мәскеу байланысы өткен жылы Ресейдің қырғи ұшағы Түркия армиясы тарапынан құлатылған кезден бер бұзылды. Ресей Түркияға қарсы санкция салды.