Бружерди: Ұлыбритания халқы Америкаға теріс жауап берді
Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Ұлыбритания халқының Еуропалық Одақтан шығуға дауыс беруін шын мәнінде Америкаға берген теріс жауап деп бағалады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Алауэддин Бружерди: «Ұлыбритания үкіметтерінің АҚШ-ның саясатына ойланбастан еруі Ұлыбритания халқының АҚШ саясатына қатысты қорлық сезіміне ие болуға жеткізді. Ұлыбритания халқының Еуропа Одағынан шығуға оң дауыс беруі өз үкіметінің АҚШ саясатына көзсіз еруіне берген теріс жауап болды.
Ұлыбритания халқы шешімінің нәтижелері назар аударарлық болады. Бұл Шотландия мен Еуропа Одағындағы кейбір елдерде референдумның өткізілуіне ұласуы мүмкін.
Иран Ислам Республикасының Ұлыбританияға қатысты саясаты осы елдің кез- келген араласушылығы мен кері саясатына қарсылық таныту болды» деп ескерді.