Иран мұнайы Испанияға экспортталады
(last modified Sat, 25 Jun 2016 11:55:33 GMT )
Маусым 25, 2016 17:55 Asia/Almaty
  • Иран мұнайы Испанияға экспортталады

Испанияның Repsol компаниясы шілде айында Ираннан бір миллион баррель шикі мұнай импорттау туралы келісімге қол қойылғанын хабарлады.

Иран мұнайының Еуропаға экспортының арту үдерісі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жүзеге асырудан бері, яғни қаңтар айынан бері кеңейіп келеді. Санкция кезеңіндегі Иран мұнайының Еуропаға 100 000 баррельдік экспорты қазір 600000 баррельге жақындап қалды. Бұл мөлшер күніне 700000 баррельге дейін артады деп болжануда.

Еуропалық көптеген компаниялар мұнай сатып алу туралы Иранмен ұзақ мерзімді келісімдерге қол қойды. Еуропалық компаниялардың келесі тобы жағдай қалыптасқан кезде ұзақ мерзімді келісімдер жасау үшін Иранмен мұнай саласындағы әрекеттестіктерін мұнайдың бір тиелімдік мәмілесін жасаудан бастады. Иранның еуропалық компаниялармен жасаған ең жаңа келісімдерінің қатарына Ираннан сатып алған мұнай тиелімдерін шілде айында алатын Испанияның Repsol компаниясымен жасаған келісім кіреді.